БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысы, Сайрам ауданы «Айдана» бөбекжай-бақшасы жеке мекемесі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абай көшесі 45 үй
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, вебсайт)Ұялы телефоны: + 77051316132
Электрондық поштасы: aidana_bobekzhai@mail.ru
Веб сайты: https://aidana-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т. А. Ә, лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Байденова Жанар Испандияровна «Айдана» бөбекжай – балабақшасы ЖМ меңгерушісінің бұйрығы бойынша 2024 жылдың 20 ақпан күні №236 бұйрықпен тағайындалсын.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анаықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік қайта тіркеуден 11қазан 2023 жылы берілген. БИН: 100640013201
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон 26.01.2024 № KZ39RVK00055754 хабарлама берілген
7Құрылған жылы2010 жыл
8Типтік ғимаратБір қабатты І ғимарат, екі қабатты І ғимарат
9Топтар саны5
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі, орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешіліер: ІI ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенОрта топ – күні бойы Ересек топ – күні бойы МАД тобы – күні бойы
14МДҰ – ның жобалық әлеуеті        Балабақша орны 125 балаға арналған. Құжат НИКАД-ы: № Х.07.Х.КZ94VWF00094981 Құжаттың бірегей нөмірі: № КZ60RVS00377494  Берілген күні: 20.04.2023ж Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

 Балабақша ғимараты бір қабатты І ғимаратты және екі қабатты ІІ ғимаратты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 125 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. Әр топ – 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, таңғы 8.00 – бастап, кешкі сағат 18.30 – ге дейінгі уақыт аралығында.

Ортаңғы топ: «Радость», «Балдаурен»

Ересек топ: «Ромашка», «Кәусар»

МАД тобы: «Болашақ»

 Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде және орыс тілінде тәрбиеленеді.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, музыка залы, мед кабинет, асхана, қойма, кір жуу, күзет  блогы бар. Материалдық техникалық базасы стандартқа сай жасалған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Күзет агенттігімен келісім – шартқа отырған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен қатар, әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары мен күркелері қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

  • Меңгеруші кабинеті;
  • Әдістемелік кабинет;
  • Медбике кабинеті;

Қолданыстағы құрал – жабдықтар:

  • Компьютер – 1 дана;
  • Ноутбук – 8 дана;
  • Түсті принтер – 7 дана;
  • Принтер – 1 дана.

Ата – аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.